Get Mystery Box with random crypto!

«Ордабасы» Беларусь футболшысымен мәміле жасасты Шымкенттік | Aladop

«Ордабасы» Беларусь футболшысымен мәміле жасасты

Шымкенттік «Ордабасы» 23 жастағы беларусьтік жартылай қорғаушы Дмитрий Бородинмен келісім-шартқа отырады, деп хабарлайды Transfermarkt порталы.

Ойыншы жаңа командасына еркін агент ретінде қосылды.

Дмитрий Бородин мансабын «Гомельде» бастады. Одан кейін «Орша», «Смолевичи», «Динамо», «Ислочь» сияқты клубтарда доп тепті. Сондай-ақ ресейлік «Чайка» сапында алты ай ойнады.

Бородин клубтық мансабында 98 ойын өткізіп, 7 гол соққан, 4 нәтижелі пасы тағы бар. Сондай-ақ Беларусь жастар құрамасында 9 матчқа қатысқан.