Get Mystery Box with random crypto!

Бауыржан Байтана «Ақтөбеге» ауысты «Тараз» және Қазақстан құ | Aladop

Бауыржан Байтана «Ақтөбеге» ауысты

«Тараз» және Қазақстан құрамасының 30 жастағы жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтана «Ақтөбеге» ауысты, деп хабарлайды жамбылдық клубтың баспасөз қызметі.

«Тараз» тараптардың өзара келісімі бойынша келісім-шартты бұзды.

Бауыржан Байтана 2020 жылдың жазынан бері «Тараздың» намысын қорғады. Ол бұған дейін 2012, 2014 және 2016-2019 жылдары да жамбылдық клубта доп тепті.

Осы маусымда жартылай қорғаушы 16 матч өткізіп, 3 гол мен 9 нәтижелі пастың авторы атанды.

Еске салайық, Байтана 2017 жылы «Ақтөбе» сапында 23 матч өткізіп, 2 гол соқты, 2 нәтижелі пас берген болатын.