Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықта | Aladop

Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Бүгін футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының негізгі кезеңінe арналған жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе қорытындысына сәйкес, Қазақстан құрамасы 5-ші топта Словения және Черногориямен күш сынасатын болады.

Турнир ережесі бойынша 36 команда үш командадан 12 топқа бөлініп, әр қарсыласпен өз алаңында және сырт алаңда бір ойыннан өткізеді. 12 топтың жеңімпаздары мен екінші орын алса да, үздік деп танылған төрт команда тікелей Элиталық раундқа жолдама алады. Ал өз топтарында екінші орын алған тағы сегіз команда өтпелі матч өткізеді.

Негізгі турдың матчтары 12-21 қыркүйек, 3-12 қазан, 6-9 қараша және 27 ақпан-8 наурыз аралығына жоспарланған.