Get Mystery Box with random crypto!

1 қыркүйекте НЕ ІСТЕУ керек? ⠀ Ең алдымен, барлықтарыңды БІЛІМ | Ақтолқын Қойшыбекова

1 қыркүйекте НЕ ІСТЕУ керек?

Ең алдымен, барлықтарыңды БІЛІМ КҮНІМЕН құттықтаймын! Бұл оқу жылы басқаларына қарағанда 10 есе жақсы болсын деп тілеймін

Күздің алғашқы күні, оқу жылының басы болғандықтан, бұл күні өзіңнің А НҮКТЕҢДІ анықтап алған жөн. Анықтап алғаннан кейін белгілі бір мезгілге өзіңе мақсат қой.

Мысал-1:

мен қазір алгебрадан 3-пін. Бірінші тоқсанда 4-ке шығуым керек. Екінші тоқсанда 5-ке шығуым керек.

Мысал-2:

мен бүгін пробныйдан 58 балл алдым. 1 айдан кейін 80 балл алуым керек.

Ескерту: тым үлкен мақсат қойма. 1 айда 58-ден 130 баллға дейін көтерілуім керек деген өтірік болып кетеді. Сол үшін аз-аздан үздіксіз дайындал.

Мысал-3:

мен мат.сауаттылықтан 5 балл жинадым. 1 айдан соң 10+ балл жинауым керек.



Менің 1 қырқүйекте қойған мақсатым:

Мат.сауаттылықтан курсымдағы оқушылардың санын 2 есе көбейту Айтпақшы, 15 қыркүйек 3-ші ағымға тіркелу ашылады.

Ал сенің мақсатың қандай?