Get Mystery Box with random crypto!

Интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерге жүргізілген монит | ЦЕНЗУРА АКТАУ / 112 AKTAU

Интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында «Ақтауда орыс Қырым үшін қазақты атып тастады» деген тақырыппен жалған видео табылды.

Видеода “Ермек” есімді досына оның туған күніне орай ойын ретінде (Prank) үшін түсірілгені анықталды.

Мәліметтерге сәйкес, бейнеролик Ақтау қаласындағы өнеркәсіптік аудандағы жеке аумақта (пейнтбол алаңы) түсірілген.

Қазіргі уақытта барлық тұлғалар анықталды, олар жасаған істеріне өкінуде.

Материалдар полиция департаментіне жолданды, қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі.

Облыс прокуратурасы баршаны жалған ақпарат пен материалдарды таратпауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.