Get Mystery Box with random crypto!

Ақтау қаласының 60 жылдығына орай теңіз жағалауында мерекелік | ЦЕНЗУРА АКТАУ / 112 AKTAU

Ақтау қаласының 60 жылдығына орай теңіз жағалауында мерекелік концерт өтеді

Ақтауда 16-қыркүйек күні сағат 20:00-де қаланың 60 жылдығына орай Маңғыстаудан шыққан өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. «Ақтауым-ару, әз мекен!» атты мерекелік концертте Ұлықпан Жолдасов бастаған әншілер өнер көрсетеді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеште Ұлықпан Жолдасовпен қатар оның шәкірттері атап айтқанда, Абай Бегей, Ғаділбек Жаңай, Фарида Жолдасова, Нұрмұхаммед Жақып сазгердің әндерін шырқайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара соңында мерекелік отшашу болады.

Сондай-ақ, концертте Ұлықпан Жолдасовтың жұлдызды жобалары «Каспий», «Заман», «Диета KZ», «Самал», «JL», «Дауыс KZ» және «Диета KZ» тобы өз өнерін көрсетеді.

Өтетін күні: 16.09.2023 жыл

Басталуы: 20:00

Өтетін орны: 15 ш/а «Амфитеатр» алаңы