Get Mystery Box with random crypto!

Алматыда жасөспірім видео үшін көшедегі егде адамды ұрған Жар | ЦЕНЗУРА АКТАУ / 112 AKTAU

Алматыда жасөспірім видео үшін көшедегі егде адамды ұрған

Жарияланған видеода жасөспірім көшеде кетіп бара жатқан қарт адамға жақындап, онымен сөйлесіп жатқаны көрсетілген. Видеоға түсіріп тұрған екінші бала оған ер адамды ұруды ұсынған.

Алматы полициясы деректі ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөліміне тіркеп, тергеп жатқанын хабарлады.

«Осы қылмысты жасады деген күдікпен 2007 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды. Басқа да мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – деді полицейлер.