Get Mystery Box with random crypto!

Атырауда мас ер адам қабаған итті полицейлерге айдап салған П | ЦЕНЗУРА АКТАУ / 112 AKTAU

Атырауда мас ер адам қабаған итті полицейлерге айдап салған

Полиция қызметкерлерінің бірі итті таяқпен қатты ұрады, видео осы жерден аяқталады. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 маусымға қараған түні полицияға Атырау қаласының 24 жастағы тұрғынынан "Авангард-2" шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің біріне кіре алмай жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері белгісіз азаматтың әйел мен оның 31 жастағы құрбысына стаффорд итін арандатқанын, төбет ер адамды тістеп алғанын анықтады. Содан кейін иттің иесі оқиға орнынан қашу үшін итті полицияға қарсы қолданған.

Хабарламаға сәйкес, медициналық тексеру нәтижесінде ит иесінің мас күйде екені анықталды. Сонымен қатар патрульдік полиция батальонының қызметкері иттің қабуы салдарынан бет жарақатын алды.

Ит иесі заңды шара қолдану үшін жедел-тергеу тобына тапсырылды.