Get Mystery Box with random crypto!

2022 жылы 24 қарашада сағат 18:40 шамасында 102 кезекші пульті | ЦЕНЗУРА АКТАУ / 112 AKTAU

2022 жылы 24 қарашада сағат 18:40 шамасында 102 кезекші пультіне Ақтау-Жетібай тас жолының 43 шақырымында жол-көлік оқиғасы туралы шақыру келіп түсті.

"Toyota Camry" автокөлігінің жүргізушісі кедергі туындаған кезде шара қолданбай, жолдағы жылқы үйірін қаққан.

Үш зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасақталды.