Get Mystery Box with random crypto!

— Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинск тұрғындарымен кездесті Шахтин | AKIMAT09

— Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинск тұрғындарымен кездесті

Шахтинскіде бұған дейін қала тұрғындары облыс басшылығына айтқан бірқатар мәселелер шешілді. Олар негізінен ТКШ, жолдар, тұрғын үй, абаттандыру салаларына қатысты болды. Мысалы, қала тұрғындарының өтініші бойынша көпқабатты үйлердің біріне орамішілік орталық жылыту желілері тартылып, оларға қосымша жеке сектор үйлері қосылды.

Келесі жылы Шахтинск пен кенттерді абаттандыру жалғасады. Шахтинск қаласында тағы бір көпфункционалды корт орнату, үш балалар ойын алаңын салу, үш футбол алаңын жөндеу жоспарлануда. Жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін қалада автоматтандырылған жаяу жүргіншілер өткелдері орнатылады. Долинка және Солтүстік-Батыс кенттерінде жеті ойын және спорттық балалар алаңын, Новодолинскіде – көпфункционалды хоккей кортын жабдықтау жоспарлануда.

Толығырақ осы жерден оқыңыз.