Get Mystery Box with random crypto!

— IT-мамандарға арналған миллиард: Қарағандыда Mining day техн | AKIMAT09

— IT-мамандарға арналған миллиард: Қарағандыда Mining day технологиялық марафоны басталды

Қарағандыда "Террикон алқабы" ІТ-хабының алаңында Мining day технологиялық марафоны өтуде. Ол 40-тан астам IT-компаниялардың өкілдерін жинады. Іс-шараның жүлде қоры – миллиард теңге – Қазақстанның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарынан.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған өз жобаларын таныстыра отырып, командалар қатты пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу саласындағы сегіз кейстің бірі бойынша міндеттерді шешуі тиіс. Бір міндетті шешу үшін 320 миллион теңгеге дейін грант беріледі. Презентациядан кейінгі ең үздік жобаларды қазылар алқасы анықтайды.

Марафонның ашылуына Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысты. Ол қатысушыларды қолдап, оларға жеңіс тіледі.

Толығырақ осы жерден оқыңыз.