Get Mystery Box with random crypto!

— Қарағанды облысының жастар саясаты саласында бір жылда қанда | AKIMAT09

— Қарағанды облысының жастар саясаты саласында бір жылда қандай нәтижелерге қол жеткізілді

Қарағанды облысында жастарды қолдауға және олардың өз мақсаттарын жүзеге асыруына мүмкіндік беруге ерекше көңіл бөлінеді. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен өткен жастар мәселесі жөніндегі кеңестің кезекті отырысында жыл қорытындысы шығарылып, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары айқындалды.

Осы саладағы өз жұмысының нәтижелері туралы жастар саясаты, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары, сондай-ақ Теміртау және Қарқаралы ауданының әкімдері айтып берді.

Өңірде жұмыссыздыққа қарсы күрес бойынша шаралар кешені іске қосылды. Биыл NEET-жастарды жұмысқа орналастырудың стандартты емес әдісі енгізілді. Өңірдің ресурстық орталықтарымен бірлесіп автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жұмыссыз жастардың тізімі жасалды. Аулаларды аралау жүріп жатыр.

Толығырақ осы жерден оқыңыз.