Get Mystery Box with random crypto!

— Қарағандылық оқушылар 'Жыл оқушысы' республикалық байқауының | AKIMAT09

— Қарағандылық оқушылар "Жыл оқушысы" республикалық байқауының жүлдегерлері атанды

Қарағанды облысының үш оқушысы 6–11 сынып оқушылары арасында "Жыл оқушысы" республикалық байқауының жүлдегерлері атанды. Олар екінші және үшінші орындарға ие болды.

№ 2 "Білім-инновация" лицейінің жетінші сынып оқушысы Мәриям Төлеубаева байқауда екінші орын алды. Оқушы – менталдық арифметика бойынша облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Оның спортта да көптеген жетістіктері бар.

Сондай-ақ, Балқаш қаласының Әлихан Ермеков атындағы мектеп-лицейінің оныншы сынып оқушысы Иван Гончаров екінші орынға ие болды.

Байқауда үшінші орын қарағандылық Адина Әбсадықоваға бұйырды. Ол № 2 "Білім-инновация" лицейінің тоғызыншы сыныбында оқиды.

Жеңімпаздарға дипломдар және сыйлықтар табысталды.

Толығырақ осы жерден оқыңыз.