Get Mystery Box with random crypto!

— Қарағандылық жасөспірім халықаралық кинофестивальде үздік ер | AKIMAT09

— Қарағандылық жасөспірім халықаралық кинофестивальде үздік ер адам рөлі үшін марапатқа ие болды

Қарағандылық 16 жастағы Әлихан Әбілдиннің кинодағы дебюті үлкен жетістікке айналды. Жасөспірім "Еуразия" халықаралық кинофестивалінде Үздік ер адам рөлі үшін жүлдеге ие болды.

Биылғы жылы кинофестивальде алғаш рет ұлттық байқау өтті. Мұнда соңғы екі жылда түсірілген ең жақсы 15 фильм ұсынылды. Ұлттық байқау жүлделерінің бірі Әлихан Әбілдинге бұйырды. Жігіт Яна Скопинаның "Жаз жақында аяқталады" фильміндегі басты кейіпкерді сомдап, "Үздік актер" номинациясын жеңіп алды.

Толығырақ осы жерден оқыңыз.