Get Mystery Box with random crypto!

Құрметті ұстаздар! Қадірлі білім саласының қызметкерлері! Сіз | Жамбыл облысы әкімдігі

Құрметті ұстаздар!

Қадірлі білім саласының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Сапалы білім – кез келген прогрестің негізі. Сондықтан еліміздің жетістігі мен өркендеуі сіздердің үйлесімді жұмыстарыңызға байланысты. Мұғалімдердің төгілген маңдай тері өздері оқытқан, сол біліммен биіктерге жете білген шәкіртерінің алғысымен өтеледі.

Сіздер өскелең ұрпақтың білімі мен тәрбиесін дамытуға ерекше үлес қосып, елімізге зор пайда әкелесіздер. Сіздер тек оқытып қана қоймай, өз оқушыларыңыздың қабілеттерін ашуға, оларға жетістікке жетуге баулисыздар.

«Ұстаз» деген сөз қаншалықты қысқа болғанымен арқалаған жүгі өте ауыр. Алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев: «Алты алаштың игі жақсысы бас қосса, төрдегі орын – ұстаздікі» дегендей, әлемдегі ең асыл мамандық иесі – Мұғалім екендігі сөзсіз!

Мұғалімдердің мәртебесін көтеру, педагогтардың алаңсыз шығармашылықпен айналысып, еңбек етуі үшін мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалуда. Алдағы уақытта да педагог мамандарға, жалпы білім беру ісіне жүйелі қолдау көрсету ісі жалғаса беретін болады!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Ұлттық сана-сезімі биік, бәсекеге қабілетті, мәдениеті жоғары, парасатты шәкірттерді тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз жана берсін!

Нұржан Нұржігітов, Жамбыл облысының әкімі