Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін осындай бір көрініс көрдім. Бұл Европаның кез-келген е | LOOK RIGHT

Бүгін осындай бір көрініс көрдім.

Бұл Европаның кез-келген елінде күнде кездесетін жағдай. Итті коляскамен серуендетіп жүр. Кейін осы мәселені сіздермен бөліскім келді.

Өмірге Жаратушымыздың қойған жүйесі бар:
адам-жануар-табиғат-топырақ

Яғни осындай системамен барлығы жүру керек. Топырақ табиғат үшін, табиғат өзінен жоғарыларға және барлығы адам үшін қызмет жасайды.

Ал адам кімге қызмет жасау керек?
Адам адамның керегін толтыру керек.


Егер олай болмаса Аллаh уақытымызды босқа ысырап еткізбейді. Төмендегілер үшін қызмет еткізіп қояды.

Қазіргі Европа елдеріндегі иттердің артынан жүруі осының белгісі. Таңғы ұйқысын бөледі, артын тазалайды...

Адам адамның керегін өтеп, көмегіне жарап, басқалар үшін пайдалы дүние жасауға ұмтылу керек.