Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ не көрмеді, деген сөзді жиі естимін. Шынымен біраз дүние | “ТОП ЭКСПЕРТТЕР НАСТАВНИГІ”

Қазақ не көрмеді, деген сөзді жиі естимін. Шынымен біраз дүниені көрді. Ата - бабамыз көрді. Аштықты, жоқшылықты, соғысты, тәуелді болуды… Тарихта қазақты жойып жібергісі келген қаншама ұлт болды. Әлі де бар. Дегенмен, Алла қазаққа тәуелсіз болуды нәсіп етті. Өсіп келеміз. Дамып келеміз. Тәуелсіз елде өмірге келген аға - бауырымыз енді ғана 30 - дан асты….

Қазір, менде депрессия, менде выгорание, менде стресс деген сөз тіркестерін жиі естиміз. Қан соғыстан көз ашпаған атаның ұрпағы болған біз үшін ол қалыпты нәрсе. Себебі, әрбіріміздің бойымызда “қашан жау шабады, қашан бейбіт күн келеді…” деген үреймен өмір сүрген әке мен ананың қаны бар. Жаңа дәуірге ауысқан сайын, аяқ басқан сайын тегіміздегі қорқыныштың, уайымның бойымыздан көрініс табуы қалыпты нәрсе. Ол уайыммен, қорқынышты сырттан келіп ешкім емдеп бермейді. Тек өзің емдейсің. Тек өзің ғана жаныңдағы әрбір жараңа демеу бересің. Сол үшінде психолог, психотерапевт мамандары қазір белсенді жұмыс жасап жатыр. Сенде өзіңмен жұмыс жасауға қорықпа. Тәніңде, жаныңда тұрған жараны емдеуге тек өзіңнің әрекетің арқылы ғана көмектесе аласың…