Get Mystery Box with random crypto!

 «Салафиттер ашты» деген мектепке қатысты тың деректер белгілі | Aikyn.kz

 «Салафиттер ашты» деген мектепке қатысты тың деректер белгілі болды

Атырауда «ұлттық» атауын жамылған қыздар мектебі заңсыз ашылған болып шықты.

Жекеменшік мектеп 2022-2023 оқу жылына 101 оқушыны қабылдап үлгерген.

Сот «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» ЖШС рұқсатсыз ашылған деп танып, 76 575 теңге көлемінде айыппұл салды.

Сондай-ақ, аталған мектептің директоры Жұмазия Жолмұханова діни материалдар таратқаны үшін ҚР ӘҚК-нің 490-бабымен кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Толығырақ: https://aikyn.kz/220881/salafitter-ashty-degen-mektepke-katysty-tyn-derekter-belgili-boldy/

 Facebook | Instagram | YouTube 

@aikyngazeti