Get Mystery Box with random crypto!

Уақиға сүресінің қасиеті Хадис шәрифтерде былай делінген: | Bagizhan🫶

Уақиға сүресінің қасиеті

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Кімде-кім Уақиға сүресін әр түні бір рет оқуды әдетке айналдырса, өмірінде кедейлік көрмейді.»

«Уақиға сүресі – бай болу сүресі. Оны оқыңдар және әйелдеріңе, балаларыңа үйретіңдер.»

Бір күні хазреті Әбу Бәкір Расулуллаһ алейһиссаламға «Йа Расулаллаһ, шаштарыңыз ағара бастапты ғой» деген еді. Бұған сүйікті пайғамбарымыз былай жауап берді:

«Шаш пен сақалымды Худ, Уақиға және Мурсаләт сүрелері ағартты.»

Расулуллаһ алейһиссаламның бұлай айтуының себебі – қиямет жағдайлары, бұрыңғы қауымдар ұшыраған жағдайларды ойлауы және үмметі үшін қайғыруы еді.

Абдуллаһ бин Мәсуд хазреттері көздерін ашып былай деді:

«Оларға Уақиға сүресін қалдырамын. Бұл сүрені оқып жүрген адам мүлдем кедейлік көрмейді.»

(Уақиға сүресі Құран кәрімнің 533-536 беттерінің арасында)