Get Mystery Box with random crypto!

ЕҢ БАҚЫТТЫ ӘЙЕЛ КІМ ЕКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ? Ол - өзінің әйел болып | Bagizhan🫶

ЕҢ БАҚЫТТЫ ӘЙЕЛ КІМ ЕКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?

Ол - өзінің әйел болып жаратылғанына қуана білетін әйел. Өзін толық танитын, не үшін жаратылғанын, өзіне не керек екенін, ненің оның табиғатына сай емес екенін түсіне білетін әйел.

Өзінің жаратылысына, әйелдік болмысына риза болған әйел бақытты жар, бақытты ана, бақытты тұлға болады. Ол үйінің де кез келген ісін қиналмай атқарады, күйеуінің де тапсырмаларын қуана жүріп орындайды, балаларын да қуана жүріп тәрбиелеп, айналасына да бақыт пен қуанышты шаша алады!

Сен өзіңді шынайы қабылдап, Алла жаратқан өз болмысыңды толық қабылдаған кезде және шын мәнінде әйел адамның «үйдің бүкіл проблемасын мойнына алып алған бейшара» емес екенін шын түсінген кезде әйел болып туғаныңа қуанатын боласың. Және сол сәттен бастап бұған дейін қиын болып көрінген бүкіл істер саған керісінше ләззат, қуаныш сыйлайтын болады.

Сол кезде ғана сен бақыттың дәмін татасың және өзгелерді бақытты ете аласың!