Get Mystery Box with random crypto!

Баланы тым еркелетіп жібергенсің Ертең өскесін мүлдем тыңдама | Айдана Тлепбергенова

Баланы тым еркелетіп жібергенсің
Ертең өскесін мүлдем тыңдамай кетеді
Баланы жастан тәрбиелеу керек

Ана мен балаға бағытталған осыған ұқсас фразаларларды бір рет болсада естіп көрген шығарсыз?!

Әдетте бұндай сөгу сөздер бала айналадағы ересектерге ұнамайтын әрекеттер жасаған кезде айтылады: қыңырлық, сөз таластыру, ережелермен келіспеу, агрессия көрсету, үлкендермен ұрсысу.

Еркелік деген не, ол қайдан пайда болады және неге әкеп соғатынын анықтайық.

Бала ерке екенін қалай ажыратуға болады?

Ерке бала өз қателіктерін көрмейді. Өзінің жеңілістерін мойындамайды. Ұтылуға дайын емес, қызу қанды.
Өзінің кемшіліктерін байқағысы келмейді
Оған еш шекара жоқ, қол жетімсіз нәрсеге тіреліп, соны сұрай береді.

Дәл осындай ерке ересектер де бар, араңызда сондай 2-3 адам бар шығар.

Еркеліктің басты нышаны – адам әлем оның айналасында ғана айналатындай көреді. Барлығы тек ол қалағандай болу керектігіне еш күмәні болмайды.

Бар керегі:
әрдайым алда болу
барлық салада озат болу, ең- ең болу айналадағыларға тартымды болу, ең әдемі, ең маңызды, ең ақылды
тек ойдағысын жүзеге асыру, тек қана жағымды тәжірибе алу
ғажайыптарды талап ету
идеалды болып, идеалды өмір сүру.

Еркелік нышандарына қарасақ, әр баланы ерке деп санауымызға негіз бар. Әр бала өзінің қалағанының орындалғанын күтеді, бар әлем тек оның айналасында айналғанын жақсы көреді, тек жақсы тәжірибе орындалғанын ұнатады, сұранысы орындала беретініне сенеді.

Бұнда тұрған еш нәрсе жоқ. Жаратылысытың өзінен адам баласы сондай болады, дүниеге ерке боп келеміз, өзіміздің қалағанымыз орындала беруін күтеміз.
Бұл балаға қатысты.

Ал өмірге деген қатынасы дәл сондай ересек адамның әрекеті ақылға қонымсыз, сырттан қарағанда жағымсыз қасиет сияқты көрінеді. Әлемнің кемеліне жетпейтінін мойындауға деген дәрменсіздік- психологиялық дамуды тежеп, кез келген кішігірім тосқауылдан өтуге мүмкіндік бермей, өзінің тұлғалық потенциалын орындалуына жол бермейді.

Еркелік қалай пайда болады?

Еркелік назардың асып тасуынан, ойыншықтардың көптігінен, барлық тараптан махаббатқа бөленгеннен пайда болмайды.

Баланы тым артық жақсы көруге, оған тым көп көңіл бөлуге болмайды. Көбі солай ойлайды. Баланы жақсы көре берсем еркелеп басыма шығады деп.
Еркелік материалдық және әлеуметтік жағдайдың жақсылығына да қарамайды.

Еркелік ересектер тарапынан балаға көңілі босау, мұңаюға мүмкіндік бермей, қалыпты жағдай деген нәрсе бар екенін түсіндірмеуден басталады. Бірдеме жүзеге аспаса, басқаша орындалса, мұңаюға жол бермегеннен пайда болады.

Көптеген ересектер баланың жылауына төзбей, тез жұбату үшін бәріне дайын болады: назарын бұрады, ұялтады, қорқытады, әйтеуір бала жыламасын деп, бар амалын жасайды.

Ересектер барынша баланың әлемін идеалды қылуға тырысады. Бұндай амал бір мезгілдері жақсы болуы мүмкін, бірақ өсе келе, бала сыртқа шығып, мектепке барып немесе спорт секциясына қатысып, өзінің ең мықты, ең әдемі, ең білімді емес екеніне көз жеткізеді. Осындай кезде баланың әлемі тұтастай жарылып, астан кестені шығып, төзгісіз жағдайға жетеді.

Өйткені ол балада сәтсіздіктерді өту тәжірибесі жоқ, қалағанына қол жете алмай қалу кездерінен өтпеген, қиын жағдайда амалын тауып, жеңе білуді көрмеген.

Психологиялық тұрғыда бала өте нәзік және қоршаған ортаның минималды болса да идеалды еместігін көрмеген. Балалық шақта бала өмірдегі сәтсіздіктерді көрмесе, өте әлсіз болып шығады да, өмір оны тас талқан етіп жеңеді.

Балаға қалайша психологиялық тұрғыда төзімді болуға көмектесуге болады?

Балаға кішкентай өкініштерді бірге өткізіп, жылағанда түсіністік танытып, оны үлкен асуларға дайындауға болады.

Ата- ананың міндеті – баламен шыдамды болып, оған қолдау көрсете білу.

Ойыншығы жоғалды, досы туған күніне шақырмады, інісі суретін жыртты, әкесі шашкадан жеңді, әлде анасы планшет тартып алуы мүмкін.

Баланың қайғысына немқұрайлы қарамаңыз, күлмеңіз, ұялтпаңыз, алаңдатпаңыз, одан да мықтысын, әдемісін әперем деп саудаласпаңыз.