Get Mystery Box with random crypto!

Украина-Ресей соғысы бойынша ақпарлар: БІРІНШІ КҮН • 24 ақпа | Новости ПК

Украина-Ресей соғысы бойынша ақпарлар:

БІРІНШІ КҮН
• 24 ақпан таңға жуық Ресей президенті Владимир Путин Украинаны «демилитаризациялаймын» деп «арнайы әскери операция» бастады.
• Путиннің сөзінен соң Киев, Харьков, Одесса, Краматорск, Бердянскіде жарылыстар болып, ракета шабуылы жасалды.
• Украина президенті Владимир Зеленский Украина аумағында әскери жағдай енгізді. Украина әуе кеңістігін жапты.
• Украина шекарашылары Беларусь әскерилері де Ресей әскеріне көмектесіп жатқанын мәлімдеді. Бірақ Александр Лукашенко мұны жоққа шығарды.
• Украина тарабы кемі 40-тан аса әскери, оннан аса бейбіт тұрғын қаза тапқанын мәлімдеді. Жараланғандар да бар.
• Киев Мәскеумен барлық дипломатиялық байланысын үзді.
• Ресей әскері Чернобыл АЭС-ін басып алды.

ЕКІНШІ КҮН
• 25 ақпан Киевтегі жарылыстардан басталды. Украина әуе қорғаныс жүйесі әскери дрондарды атып түсіргенін хабарлады.
• Бірінші күні соғыста 137 украин солдаты қаза болған
• АҚШ Ресейдің ірі банктеріне санкция салды, Еуроодақ Ресейдің қаржы саласының 70% әсер ететін жаңа санкциялар пакетін мақұлдады.

t.me/aibat_news