Get Mystery Box with random crypto!

Танымал әнші «ұлы той» жасады: 20 мың адамға көкпар беріп, АҚШ | Новости ПК

Танымал әнші «ұлы той» жасады: 20 мың адамға көкпар беріп, АҚШ-тан алдыртып акула сойған

Белгілі әнші Әбдіжаппар Әлқожа 2 ұлын сүндетке отырғызып, Жетісайда дүркіретіп тұрып той жасады. Жай той емес, ұлы той. Себебі 20 мың адамға көкпар беріп, кешке жүздеген адамға дастархан жайған. Онда белгілі аспаз Бағдат Қадыров шетелден арнайы тапсырыс беріп алдырған акуланың сойып, етін бұқтырып, қонақтарға қызыл балық етімен қоса тартыпты. Экзотикалық астан ауыс тиген де, тимеген де арманда қалса керек.

Осы орайда AIBAT жаңалықтар қызметі Әбдіжаппар Әлқожаның «ұлы тойындағы» әдемі дастархан жайып, акуланы сойған аспаз Бағдат Қадыровқа хабарластық. Шымкентте жүр екен. Бағдаттың айтуынша, акуланы арнайы АҚШ-тан жеткізген. Келісі 15 мың теңге тұрады.Дастахан шамамен 400-ден астам қонаққа жайылған.

Бағдат Қадыров кезінде Елбасыға да бір-екі мәрте тамақ тайындап бергенін айтты.

Тойдағы қызықты басқа да видеоларды @aibatnews инстаграмнан парақшасында

t.me/aibat_news