Get Mystery Box with random crypto!

1.Өзіңді сүй-өмірді сүй. Ең бірінші өз жаныңды өзің ұғып,өзің | President11

1.Өзіңді сүй-өмірді сүй. Ең бірінші өз жаныңды өзің ұғып,өзің жақсы көрмесең ,оны басқалардан күту бос әурешілік!

2.Қолыңда барға қанағат ете іл) Себебі,сенің қолыңдағы бар дүние,кейбіреулер үшін әлі қолы жетпеген биік шыңы болуы мүмкін'

3.Ешкімнен еш нәрсе күтпе,талап етпе!Немесе оны саған өмір, өзі-ақ үйретуі мүмкін. Өмірде ешкім ешкімге міндетті емес,өз қолыңнан келетін істі өзгеден күту-нағыз ақымақтық.

4.Әрдайым ізденуден,білімнен,оқудан шаршама^"Адам өз өмірінің суретшісі",-дейді ғой,ал сол суретті жарқын түстермен толтыру өз қолыңда екенін ұмытпа!

5.Ешқашан деген сөзді айтпа,өйткені сен алдағы болатын өміріңді болжап білмейсің,өзің ұнатпаймын деген адамды ұнатып,өзің қаламаймын деген жұмысың,өміріңнің мәні болуы мүмкін!

6.Және де әр күн сайын,немесе әр апта сайын,өзіңе есеп бер,бар істеген істеріңді ой елегінен өткіз,саралап қара,осы апта да немесе осы күн ішінде, өз жаныңа керек жақсы нәрсе ала алдыңба,жоқ әлде уақытыңды ойын күлкімен өткіздің бе,немесе бойыңдағы жаман қасиетіңнен арылдың ба?

7.Уақыт-өте бағалы дүние! 6-шы қағида туралы көп ойлан,сонда шын мәнінде уақытыңның қалай өткенін біліп,оны 360°-қа бұруда,немесе сол уақытыңды құр өткізу де өз қолыңда екенін ұмытпа!Немесе қазір ойланып көрші,байқайсың ба кейбір істерің өзіңе ұнамсыз болуы мүмкін/

8.Және өткен іске мүлдем өкінуші болма,себебі сол істеріңнен сабақ алып,өмірдің қателіктен тұратынын,қателіксіз жан болмайтынын түсін!Қателік жіберуден қорықпа,қайта тәуекелге бел буа алмай,ешнәрсе істемеуден қорық!

9.Ешкімге сенбе,естейсің бе?Ақыр соңында қандай проблема болмасын,өз өміріңде өзің ғана қаласың,және сенің проблемаң ешкімге керек емес!

10.Кейде жалғыздықта қалғанда жылап,ішіңдегі бар өкінішіңді босатқан дұрыс,жылау-ол сенің әлсіздігіңнің белгісі емес,бірақ ол бәрінің алдында жылай беруге рұқсат дегенді білдірмейді.

11.Өмірге жылауыңды қой!Өзіңді қолға ал,шешілмейтін мәселе жоқ,өз өзіңді жігерлендіріп,ол істі алда,істеп таста!!! Әрине оңай болмауы мүмкін,бірақ жылағаннан не пайда?

12.Өзіңді ешкімнен кем көрме. 1-ші қағиданы есіңе ал!Өз кемшілін-өз артықшылына айналдыру,кез-келген адамның қолынан келе бермейді, өзіңді бар кемшілігіңмен жақсы көр!Негізіне келер болсақ,адамдар бір бірімен тек сол кемшілік арқылы ғана ерекшеленеді/

13.Көреалмаушылық-ең жаман қасиет^Адам болған соң,бар жан баласы бұл сезімді басынан өткерген болар Өз уақытыңды қызғанышқа,іштарлыққа арнағанша,сол уақытыңды өзіңді дамытуға(саморазвитие),жаңа қадам жасап,жетістіктерге жетуге арнаған жөн!

14.Өзіңді өзгелермен салыстырғанды қой!Сен-өзінде жалғызсың!Сен сияқты тұлға әлемде жоқ!Сені ешкім қайталай алмайды,сендей ешкім бола алмайды,өз бағаңды біл,денсаулығыңды күт,жаныңды да игі жақсылықтармен гүлдендір

15.Өзгелерге саған уақыт бөлмегеніне ренжіме,себебі,әр адам жеке тұлға,оныңда өз өмірі,өз мәселесі бар!Ол тіпті досың,бауырың,жақының болсын!Ешкім саған міндетті емес,солай емеспе?

16.Керек кезінде "ЖОҚ" деген сөзді айтып үйрен,себебі өзің көмек бергің келмейтін,өзің бірге болғың келмейтін, жандардан жай ғана бас тартып уйрен!15-шы қағиданы есіңе ал, саған ешкім міндетті емес,сол секілді сенде өзің ұнатпаған істі істеуге мәжбүр емессің

(С) Витамин Ф