Get Mystery Box with random crypto!

Мұсылман бауырларымызға ұлы айлардың бірі болып саналатын Алла | АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

Мұсылман бауырларымызға ұлы айлардың бірі болып саналатын Аллаһтың айы – әл-мухаррам кіріп келгенін ескерткіміз келеді!
‘Абдуллаһ ибн ‘Амрдан (Аллаһ оған разы болсын), Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Рамазан айындағы оразадан кейінгі ең жақсы ораза – бұл әл-мухаррам айындағы ораза», - деп айтқаны хабарланады. Муслим 1163.
Аллаһқа телінетін зат ұлы мәртебеге ие болатыны жақсы белгілі! Имам әс-Суюты былай деп жазған екен: “Маған: «Не үшін дәреже-артықшылығы бойынша әл-мухаррам айына ұқсас, әрі тіпті, мысалы, рамазан айы сияқты одан асып түсетін басқа да айлар бар болуына қарамастан, ол өзге айлардан «Аллаһтың айы» деген атуымен ерекшеленеді?», - деп сұрақ қойылды. Әрі мен осы сұраққа жауап беретін нәрсені іздеп таптым: Осындай ат қоюдың мәні бұл айдың аталуы жәһилиеттегі басқа айлардың аталуынан айрықша ислами болып табылатынында. Жәһилиет кезінде әл-мухаррамды «сафрул-әуәл» деп атайтын, ал одан кейін келетін (айды) «сафру-ссәни» дейтін. Ал Ислам келген соң Аллаһ бұл айды «әл-мухаррам», - деп атады, әрі осы себепті бұл ай Аллаһқа телінеді!” Қз.: “әд-Дибаж ‘алә «Сахих» Муслим”, 3/251.