Get Mystery Box with random crypto!

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев тұрғындардың жеке сұрақта | Абай облысының әкімдігі

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев тұрғындардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Тұрғындар жеке мәселелерімен қатар мазалап жүрген сұрақтарын қойды. Сұрақтардың ішінде: тұрғын үй мәселесі, жол жөндеу, жұмысқа орналасу және т.б. Сондай-ақ, Семей қаласының тұрғыны сүт өнімдерін өңдейтін кооператив ашу туралы ұсынысын айтты.

Ұсыныстар мен сұрақтар бойынша облыс басшысы жауапты сала мамандарына азаматтардың мәселесін нәтижелі шешуді тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, Абай облысы әкімінің қабылдауына жазылу «азаматтардың өтініштерін бақылау бөлімі» арқылы жүзеге асады. Әкім қабылдауына жазылу телефоны: 8 (7222) 52 39 21.

#АбайОблысыныңӘкімдігі