Get Mystery Box with random crypto!

жоқ, олай ниет керек емес. малды қалай адал еңбек қылғанда таб | Абай Құнанбайұлы

жоқ, олай ниет керек емес. малды қалай адал еңбек қылғанда табады екен, соны үйретейік, мұны көріп және үйренушілер көбейсе, ұлықсыған орыстардың жұртқа бірдей законы болмаса, законсыз қорлығына көнбес едік. қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек. қазір де орыстан оқыған балалардан артық жақсы кісі шыға алмай да тұр. себебі: ата-анасы, ағайын-туғаны, бір жағынан, бұзып жатыр. сүйтсе де, осы оқыған балалар – ана оқымаған қазақ балаларынан үздік, озық. не қылса да сөзді ұқтырса болады оларға. жақсы атаның балалары да көп оқыған жоқ, қайта, кедейдің балаларын орысқа қорлап берді. олар осыдан артық қайда барсын? және де кейбір қазақтар ағайынымен араздасқанда: "сенің осы қорлығыңа көнгенше, баламды солдатқа беріп, басыма шаш, аузыма мұрт қойып кетпесем бе!" деуші еді. осындай жаман сөзді, құдайдан қорықпай, пендеден ұялмай айтқан қазақтардың баласы оқығанменен не бола қойсын? сонда да өзге қазақ балаларынан артық үйренгені немене, қай көп үйреніпті? кірді, шықты, ілді, қайтты, түбегейлеп оқыған бала да жоқ. әкесі ел ақшасымен оқығанға әрең оқытады, өз малын не қылып шығарсын? турасын ойлағанда, балаңа қатын әперме, енші берме, барыңды салсаң да, балаңа орыстың ғылымын үйрет! мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахат көрсете ме, өзі рахат көре ме, я жұртқа рахат көрсете ме?