Get Mystery Box with random crypto!

Абайдың 17 (он жетінші) қара сөзі Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өн | Абай Құнанбайұлы

Абайдың 17 (он жетінші) қара сөзі
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: "Ей, ғылым, өзің де білесің, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, ғылым, өзіңді білуге, ерінбей-жалықпай ізденіп, үйреніп, орнына келтірмек – менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?" - депті.