Get Mystery Box with random crypto!

Абай атындағы мемлекеттік музыкалық қазақ драма театры Театр | Абай Құнанбайұлы

Абай атындағы мемлекеттік музыкалық қазақ драма театры

Театр қалай құрылды

Семей қаласындағы Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры - бүкіл қазақ театры өнерінің қарашаңырағы. 1917 жылы Мұхтар Әуезовтің басшылығымен "Ойқұдық" жайлауында қойылған "Еңлік-Кебек" пьесасы қазақ еліндегі жаңа өнердің тұсаукесері болды. Осы Ойқұдықта маздаған шоқ бүгін егеменді елдің өркендеген өнеріне айналып, ұрпақ тәрбиесінде елеулі рөл атқаруда.

1920 жылы Иса, Жұма, Қалибек, Әміре сынды өнер майталмандары жұмыс істеген "Ес-Аймақ" театры 1934 жылы ғана ресми бекітілді. Театр 85 жылдық тарихында үш жүзден астам қойылымды сахналап, оларды жалпы саны 80 миллионға жуық көрермен назарына ұсынды.

Шымылдығын Ілияс Жансүгіровтің "Кек" пьесасымен ашқан өнер ордасы шетел классиктерімен қатар, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Бейімбет Майлин, Ғабиден Мұстафин, Шыңғыс Айтматов, Расул Ғамзатовтың туындыларын сахнаға шығарды. Осылайша "Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу", "Айман – Шолпан", "Бөлтірік бөрік астында", "Еңлік – Кебек", "Қаракөз" сынды қойылымдар театр репертуарының алтын қорына енді.