Get Mystery Box with random crypto!

2022 жылдың 05-07 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Оқу- | EDU NEWS | ABAI OBLYSY

2022 жылдың 05-07 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Абай облысының әкімдігі, Абай облысының білім басқармасы, «М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК   базасында Семей мұғалімдер семинариясының түлегі, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, қоғам қайраткері, классик жазушы М.О. Әуезовтің 125 жылдығына арналған республикалық «ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ» атты танымдық-шығармашылық фестивалі өуде.

Мақсаты:
М.О. Әуезов мұрасы және Алаш идеясы негізінде рухани-мәдени және білім беруді дамытудың сабақтастығы мен прогресшілдігін қамтамасыз ететін зияткерлік әлеует қалыптастыру.

6 қазан сағат 15.00-де Абай театрында, «Ұлылыққа тағзым» атты салтанатты кеш өтті. Эстетикалық-танымдық қойылым көрерменге ұсынылды. «Абай аялаған арулар» атты қойылым мен фестиваль қорытындыланды.
 
7 қазан күні!!!
 
Ұлылар еліне сапарнама
«Шыңғыстау – тағзым етер нұр тұрағым!»
 
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне танымдық-панорамалық шолу және аспан астындағы театр «Шыңғыстау: М.О.Әуезов шығармаларының ізімен» қонақтаға ұсынылмақ.
 
Сапар бағыты:
 Күшікбай асуы
 Бөрілідегі М.О.Әуезов мұражайы
 Абайдың дүниеге келген жері Сырт Қасқабұлақ
 Еңлік-Кебек ескерткіші
 Ақшоқы
 Шілікті кезең
 Жидебай Абай-Шәкәрім мемориалдық кешені
 Қарауыл. «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің концерті.

#Абай_облысы_білім_басқармасының_баспасөз_қызметі
#Пресс_служба_управление_образования_области_Абай
#EDUNEWS #ABAIOBLYSY