Get Mystery Box with random crypto!

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» ​ ҚР Мемлекет басшысы Қас | EDU NEWS | ABAI OBLYSY

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе»

​ ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауы бойынша «№15 балабақшасы» МКММ ұжымында ақпараттық түсіндіру жүргізілді.

Бұл жолдауда мемлекет басшысы көптеген маңызды істерді алға қойды. Атап айтсақ, бұл – макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және​ цифрландыру. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру.

Президент Жолдауында көтерілген тағы бір үлкен мәселе білім саласы. Әсіресе, мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру саласында өзгерістер күтілуде.

Президент елімізде екіден алты жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға баратынын айта кетіп, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту мәселелерінде тыс қалдырмады.Сонымен қатар, осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар айтылды.​ Олардың жұмыс жүктемесі де​ біртіндеп азаяды. ​

#Абай_облысы_білім_басқармасының_баспасөз_қызметі
#EDUNEWS #ABAIOBLYSY