Get Mystery Box with random crypto!

АЙТЫЛДЫ: «Білім беру жүйесіне білікті кадрларды тарту мақсаты | EDU NEWS | ABAI OBLYSY

АЙТЫЛДЫ:

«Білім беру жүйесіне білікті кадрларды тарту мақсатында Үкіметке төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысын екі есе арттыруды тапсырамын».

ОРЫНДАЛДЫ:

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік білім беру ұйымдары мұғалімдерінің лауазымдық жалақысы жыл сайын 25%-ға артып отыр.

Мұғалімдерді ынталандыру үшін бірқатар қосымша шара қабылданып жатыр. Дәлірек айтқанда, аттестациядан өтіп, біліктілік санатын алған мұғалімдерге лауазымдық жалақысының 30%-дан 50%-ға дейінгі мөлшерінде ай сайынғы қосымша ақы белгіленеді, ал оқытушыларға ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр дәрежесі үшін де нақты жұмыс көлеміне қарамастан 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы төленеді.

Орта білім беру ұйымының мұғалімдеріне тәлімгерлік қызметі үшін нақты оқу жүктемесіне қарамастан базалық лауазымдық жалақыға 100% мөлшерінде қосымша ақы төленеді.

Білім беру ұйымдары педагогтеріне сабақтан тыс спорттық іс-шараларды өткізгені үшін нақты оқу жүктемесіне қарамастан базалық лауазымдық жалақыға қосымша 100% мөлшерінде төлем белгіленеді.


#Абай_облысы_білім_басқармасының_баспасөз_қызметі
#EDUNEWS #ABAIOBLYSY