Get Mystery Box with random crypto!

ЖАТАҚХАНА – 700-ге жуық орын бар (ұлдар, қыздар барлығы); – | Ақеділ Әмірбек

ЖАТАҚХАНА

– 700-ге жуық орын бар (ұлдар, қыздар барлығы);

– 2 корпустан тұрады. А корпусы: ұлдар. В корпусы: қыздар;

– әр корпуста жаңадан жабдықталған кітапхана, оқу залы орналасқан. Ұлдар бөлімінде отырып Құран оқуға (жаттауға) ыңғайланған фойе бар;

– 1 бөлмеде 5-6 адам (кейбір үлкен бөлмелерде 8 адамға дейін) тұрады;

– әр бөлменің өз старостасы (әмір, басшы) болады. Олар жоғары курс студенттерінен тағайындалады.

– әр бөлме жеке санузелмен қамтамасыз етілген;

– тамақ ортақ қолданыстағы асханада дайындалады. Сонымен қоса онда ет, жұмыртқа секілді т.б. тез бұзылатын тағамдарды сақтауға арналған тоңазытқыш орнатылған. Әр күні кешке бір бөлменің тұрғындары шығып асханаға тазалық жасайды. Ол үшін арнайы кезекшілік кестесі жасалады;

– сыртта жүрген жағдайда кешкі 23:00-ге дейін (қыздар 22:00) жатақханаға кіріп үлгеру керек;

– жатақханадан басқа жерге түнеу (қону) үшін, Тәрбие және әлеуметтік даму департаментінің басшысының атына өтініш жазу керек. Кез келген студент сол өтінішке жатақхана меңгерушісі мөр басқан соң ғана босатылады;

– ер жігіттер үшін, таң және құптан намаздарын мешітте оқу – уәжіп;

– универ сабағынан тыс уақытта қосымша (араб тілінен, шариғи пәндерден) дәрістер ұйымдастырылады;

– ұлдар жатақханасының кіре берісінде NM Collection тігін цехы бар. Бұл жерде қыздар арнайы мамандардан тігін үйрене алады.

Қызық жері мынау:
– көп жағдайда исламтанушылар бөлек, теолог, дінтанушы және филологтар бөлек бөлмеге орналастырылады.