Get Mystery Box with random crypto!

Алдыңғы жылы ағылшын тілінен IELTS тапсыруға дайындалу барысын | AABDIBEK

Алдыңғы жылы ағылшын тілінен IELTS тапсыруға дайындалу барысында француз химигі Луи Пастердің "Chance favors the prepared mind" деген сөзін өзіме түртіп алған екенмін.

Көп жағдайда бірнәрсе жазар кезде сол түртіп алынған сөздерді бір қарап шығамын да, жаңа ойлар тудырып аламын.

Луи Пастердің сөзін жобалап аударар болсақ "Сәттілік/мүмкіндік/шанс - соған дайын болған ақыл-ойға ғана келеді" деген мағына аламыз. Яғни, өмірдегі мүмкіндік/шанс - дым бітірмей, жайдан-жай жатқан адамға емес, аз да болса әрекетін жасап, дайындық үстінде жүрген адамға беріледі.

Енді осы сөзге мұсылман адамның призмасынан қарап көрсек, өмірдің өзі солай екенін түсінеміз. Құлшылығын жасап, қателессе тәубе етіп, туралануға барынша тырмысып, дайындық үстінде жүрген адамға - Алла Тағала тарапынан мүмкіндік/шанс есіктерінің ашылатынына сенеміз.

Ал енді Құдайдың қалағанын жасамай, Онымен кездесуге мүлдем дайындалмай жүрген адамның мүмкіндігі/шансы қаншалықты деңгейде? Оны біз біле алмаймыз...

Гоголь айтса да, Луи Пастер жазса да, егер сөзде даналық болса, оны өз пайдамызға жаратып, ой түйе аламыз.

#ғибрат